Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қыз-келіншектерге ерекше ілтипат пен құрмет көрсетілетін көктем мерекесінде ұстаздар қауымы да назардан тыс қалмады.
07.03.2018 11:08:41 | 391 рет қаралды

 

   Қыз-келіншектерге ерекше ілтипат пен құрмет көрсетілетін көктем мерекесінде ұстаздар қауымы да назардан тысқалмады. 8 наурыз – Халық аралық әйелдер мерекесіне орай аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитеті білім саласында жемісті еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі еңбек сіңірген ардагер ұстаздар қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті. Салтанатты шараға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қатысып, елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналған өз құттықтауын жеткізді. 

    Сонымен қатар, ардагер ұстаздарды мерейлі мерекесімен білім саласының ардагері, Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасының» иегері М.Тұңғышмұратова, жас та болса көпшілік құрметіне бөленіп жүрген ұстаз Қ.Мамзадаева, оқушылары республикалық байқаулардың жүлдегерлері, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері Ж.Шілдебаева сөз алып, салтанатты шараға қатысушы киелі мамандық иелеріне ыстық лебіздерін білдіріп, мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шара барысында әуез мектебінің көркем өнерпаздары, оқушылар ұлағатты ұстаздарға мерекелік көңіл- күй сыйлады.










Ақпарат көзі: -

Кіру