Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «ТҮЛЕТКЕН ТҰЛПАР – ТҮБЕГІМ МЕНІҢ» АТТЫ ЕЛЕНА ӘБДІХАЛЫҚОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ТҮЛЕТКЕН ТҰЛПАР – ТҮБЕГІМ МЕНІҢ» АТТЫ ЕЛЕНА ӘБДІХАЛЫҚОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылдық округінде ән байқауы өтті.
14.08.2018 09:15:25 | 191 рет қаралды

Осы тақырыпта Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылдық округінде айтыскер ақын, композитор, эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Мәжитқызы Әбдіхалықованың шығармашылығына арналған аудандық ән байқауы өтті.

Байқауға кент және ауылдық округтерден 15 жас қатысты.

Шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы сөз алып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында туған жеріне келіп, тағзым жасап жатқан Елена Мәжитқызына алғысын білдіріп, сый-сыяпат көрсетті.

Сондай-ақ, ауданның құрметті азаматы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Рысбай Кәрімов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер, қазылар алқасының мүшесі Айкүміс Орынбаева сөз алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Автордың өлеңдерін шырқаған жас өнерпаздарға Елена Мәжитқызы бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Байқау нәтижесінде Далдабай елді мекенінен келген Пазыл Орныққан бас жүлдені иеленіп, арнайы Диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, жүлделі орын иеленген және байқауға қатысқан барлық қатысушыларға құрмет-қошеметтер көрсетілді.











Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру