Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты аудан білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
28.08.2018 17:54:03 | 285 рет қаралды

Ең алдымен кеңеске қатысушы қонақтарға білім саласында цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жаңадан  шыққан оқулықтар,  көркем әдебиеттер, дидактикалық материалдар таныстырылды.






Таныстырылым аяқталғаннан кейін аудан білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің ашылуы өтіп, кеңесті аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы жүргізіп отырды. Тамыз кеңесінде ауданымыздың білім беру саласы бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттері туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Құрманбаева Гүлзат, облыстық білім басқармасы жанындағы оқу орталығының директоры Асқаров Сырым баяндама жасады.











Сонымен қатар, кеңес барысында, қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалып, бірқатар мектеп мұғалімдері, балабақша меңгерушілері хабарлама жасады.

Шара соңында аудандық тамыз кеңесінің ұсынымдары қабылданып, тамыз кеңесін аудан басшысы Қайратбек Әубәкірұлы қорытындылады.

- Елбасымыздың білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алуы, оны - мемлекеттік даму саясатының өзегі деп қарауы да осының айғағы. Оған дәлел Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған  соңғы Жолдауында білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтарында нақты тапсырмалар берілгені болып табылады. Бұл тапсырмаларды табысты орындайтынымызға сеніміміз мол, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

 Кеңес соңында ауданымыздың білім саласына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар Білім және ғылым министрлігінің, аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарымен» марапатталды.






Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру