Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар «ТАҢ БӨБЕГІ» БАЛАБАҚШАСЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

«ТАҢ БӨБЕГІ» БАЛАБАҚШАСЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Таң ауылында жаңалық...
23.11.2017 18:14:59 | 378 рет қаралды


 Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай, «Туған жер» бағдарламасы аясында Таң ауылдық округінде 90 орындық «Таң бөбегі» балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, ардагерлер, жастар, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, заман талабына сай қайта жөндеуден өткізілген балабақша нысанының ашылуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев те жаңадан бой көтерген балабақша ел игілігіне пайдаланылсын деген ізгі лебізін білдірді.

 «Балапан» бағдарламасы аясында 90 орынға жабдықталып салынған балабақшада 22 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылуда.









Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру