Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ШЕТЕЛДЕ ТОП ЖАРҒАН ШӘКІРТТЕР

ШЕТЕЛДЕ ТОП ЖАРҒАН ШӘКІРТТЕР

Сыр бойы оқушылары 11-14 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас жүлдені иеленді.
19.03.2019 16:29:52 | 143 рет қаралды

Конференцияда биология ба­ғыты бойынша  Дана Айдарбек, Аймерей Байғабылова, Афрасняб Коб­диков және Шахризада Ақ­мұрат өз жобаларын таныстырды. Нәтижесінде Дана Айдарбек пен Аймерей Байғабыловаға  бас жүлде бұйырды.

Біз өз ата-анамыз бен мұға­­лім­де­рімізге алғыс ай­­­тамыз. Ұс­таз­­дардың ар­­қа­сында рес­пуб­ли­ка­лық кон­ференцияда топ жа­­рып, ха­лықаралық до­да­ға жолдама алдық. Онда да биіктерден түспей, Сыр бойы оқу­шыларының білім бәсекесінде қабілетті екендігін тағы бір дәлелдедік. 2017 жылдан бері осы додаға дайындалып, ақырында жүл­деге қол жеткіздік, – дейді Ақмерей Байғабылова.

Айта кету керек, жүлделі оқушылар №15 мектеп-лицейінде білім алады. Әрдайым ізденістері өз жемісін беріп, шетелде топ жарған шәкірттері үшін лицей мұғалімдері де аса қуанышты.


Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру