Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Шешім жобалары қолдау тапты

Шешім жобалары қолдау тапты

Апта басында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІ сессиясы өтті.
27.07.2018 19:08:28 | 248 рет қаралды


Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханованың "2018-2020 жылдарға арналған «Жалағаш кентінің және ауылдық округтердің бюджеттері» тақырыбында Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №20-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарламасы тыңдалды. Онда кент әкімі аппараты бойынша "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бюджеттік бағдарламасына 139 500 мың теңге, "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бағдарламасына 6 млн 208 мың теңге, сол секілді осы бағдарлама негізінде Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша 2 млн 700 мың теңге және Еңбек ауылдық округі бойынша 2 млн 800 мың теңге бағытталғаны айтылды.

Ал, күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни Ақсу ауылындағы кейбір көшелерді қайта атау және №1, №2 көшелерге атау беру туралы Ақсу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ниетқұлов хабарлама жасады. Атап айтсақ, Ақсу ауылындағы Т.Боранбаев, С.Дәулетбеков тұйық көшелерін және №1, №2 көшелерін қайта атау жөнінде заңдылыққа сәйкес аудан әкімінің келісімімен қоғамдастық жиналысын өткізіп, ескірген көше атауларын жергілікті жерге тән тарихи жер-су атауларымен өзгерту мәселесі қаралып, оң шешім қабылданған. Аталған ауылдағы Т.Боранбаев көшесін "Алғабас" атауымен, С.Дәулетбеков тұйығы көшесін "Ақарық" атауымен, ал, №1 көшені "Ақбөгет" атауымен, №2 көшені "Атамекен" атауымен қайта атауды сессияның қарауына ұсынды.

Күн тәртібіндегі екі мәселенің де шешім жобасы депутаттар тарапынан бірауыздан мақұлданып, бекітілді. Сессияны қорытындылаған Қ.Сәрсенбаев ауданымыз қай салада болмасын алғашқы жартыжылдықты жақсы қорытындылағанын жеткізіп, алдағы уақытта да ел ішіндегі мәселелерді шешуде жұмысты әлі де ширата түсу керектігін тапсырды.

 

Қ. АХЕТОВ.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz/

Кіру