Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЖАЛАҒАШТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЖАЛАҒАШТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері жалағаштықтармен кездесті
20.02.2018 20:50:12 | 344 рет қаралды


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға байланысты республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері бүгін Жалағаш ауданында аудан тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Тажмахановтың төрағалығымен өткен бас қосуға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Б.Бекешов, кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Ш.Ахметов, аймақтарды талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары А.Әбдікәрімов, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Досжанов қатысты.

Арнайы Елбасымыздың Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мен түсіндіруді көздеген насихаттық топ мүшелері жиын барысында ауқымды баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында жиынға қатысқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының директоры С.Карипов және аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова өз ұсыныстарын білдірді.




Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, Республикалық ақпараттық насихаттық топтың мүшесі  Бекешов Бауыржан Бейсенбайұлы бүгін Жалағаш ауданындағы бірқатар өндірістік орындарды аралады. Атап айтқанда,  «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС-нің күріш өңдеу зауытында және «Өркен Әлем» ЖШС-де болып, халық қажеттілігі үшін пайдасы зор нысандардың қызметіне оң бағасын берді.














Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру