Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ДАЯРЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ДАЯРЛАНДЫ

25.04.2018 23:47:21 | 193 рет қаралды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сай сырбойылық ақ халаттылар қағазсыз құжат айналымына көшіп, өңір тұрғындарының электронды денсаулық паспортын даярлады, 24.kz.

«Денсаулық сақтау саласындағы ең үздік IT шешімі» халықаралық байқауында жеңімпаз атанған «ДамуМед» мобильдік қосымшасы да аймақта қарқынды қолданысқа енген. Мәселен Арал ауданының мың бір жүзден астам тұрғыны кешенді медициналық ақпараттық жүйені пайдаланады. Аудандық ауруханаға қарасты 3 ауылдық емхана, 11 амбулатория түгелдей ғаламторға қосулы компьютермен жабдықталған. Алдағы мамыр айына дейін шалғай елді мекендерде орналасқан 36 медициналық бекеттің материалдық-техникалық жабдықталу көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Амантүгел Қырбасов, Арал аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Барлық мектептің оператор-программистерімен кездесіп, мектептерді аралау үстіндеміз. Әуелі жұмысшы-қызметкерлерден бастап, аймақтық мейірбикелер өз аймағының тұрғындары үйлеріне күнделікті үй аралау арқылы барып, қазір осы мобильді қондырғыға енгізілуде.






Ақпарат көзі: https://e-kyzylorda.gov.kz

Кіру