Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылғы 15 ақпан күні Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
20.02.2018 20:24:20 | 358 рет қаралды

 

2018 жылғы 15 ақпан күні  Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

 

 Комиссия отырысында төрт мәселе қаралды:

 

Бірінші.  Жалағаш ауданы бойынша есірткі бизнесінің алдын алуда атқарылып жатқан шаралар туралы.

Баяндамашы: Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Ибраев

Қосымша баяндамашылар: Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманбаева, Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ә.Бекбергенова

 

Екінші. Мәдениет, Аққұм ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы.

Баяндамашылар: Мәдениет, Аққұм ауылдық округі әкімдері

 

Үшінші. Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың қаңтар айындағы қылмыстық ахуалдың күрт өсуі, оның алдын алу шаралары және аудан прокурорының 12.02.2018 жылғы ұсыныс хатын қарау  туралы

Баяндамашы: Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің жергіліікті полиция қызметінің  бастығы М.Өсер

 

Төртінші. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы.

Баяндамашы: Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ғ.Жанашев

 

Комиссия отырысына кент, ауылдық округі әкімдері, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган басшылары, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қатысты.
























Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру