Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Бүгін Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен қайырымдылық акциясы өтті.
26.02.2019 10:31:24 | 182 рет қаралды


Акция аясында жергілікті бюджеттен және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган басшылары, аумақтық департамент, инспекция басшылары, шаруа қожалықтар төрағалары, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 2 млн 500 мың теңге қаржы жиналып, 120 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді.




-      Бүгінгі акция аудан аумағындағы көмекке мұқтаж тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды, мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілерді, зейнеткерлерді, жетім және қамқоршысынан айрылған балаларды әлеуметтік қолдау бағытында ұйымдастырылып отыр. Акция барысында әлеуметтік қолдау шаралары үшін қаржылай көмек көрсетуге арнайы жәшік қойылды. Қайырымдылық іс-шарасынан түскен қаржыны арнайы комиссия тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларына бөлетін болады. Бұл бағыттағы игі шаралар алдағы уақытта да назардан тыс қалмай, кеңінен жалғасын табады, - деді аудан басшысы.






Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ауданда жүйелі жұмыстар жүргізілуде:  2018 жылы аудандық бөлім, мекемелер, кент және ауылдық округтер, аудан көлемінде елді мекендердегі шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, кәсіпкерлердің қатысуымен 6 рет қайырымдылық акциялары өткізіліп, 448 отбасыға 7 млн 25 мың теңгеге азық-түліктей, қаржылай көмектер көрсетілді

Сондай-ақ, өткен жылы әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 1326 оқушы тегін ыстық тамақпен, жалпы білім беру қорының қаражаты есебінен 972 оқушы киіммен қамтылып, демалыс лагерлеріне 402 оқушыға жолдама берілсе, аудандық «Иманқұл» мешітінде Ораза айтта 60 адамға азық-түліктей, Құрбан айт мерекесі қарсаңында 3 бас ірі қара мен 40 шақты бас уақ мал жаратылып, тұрмысы төмен 75 отбасына таратылды.

Аз қамтылған отбасылардың, әсіресе, ауылдық жерден шыққан талапты балаларды оқытуға облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалып келеді. Осы білім грантының негізінде 2013 жылдан бастап 50-ге жуық талапты жас еліміздің беделді жоғары оқу орындарында білім алуда.

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру