Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Президенттік жастар кадрлық резерві

Президенттік жастар кадрлық резерві

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялады.
16.09.2019 12:22:04 | 94 рет қаралды

Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салада елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды. Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде кұжаттарды қабылдау үшін PKRezerv.kz онлайн-платформа іске қосылды. Резервке тіркелу және құжаттарды қабылдау үшін үміткерлерге сайтқа тіркелу қажет. Үміткерлер  сайтта осы жастар резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты толық ала алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты, іріктеу кезеңдері жазылған. Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін көрсету қажет. Оған жеке профиль ашылады. Сонымен қатар ақпаратты сақтау туралы келісіп, талаптарды қабылдауы шарт. Кандидаттың өтінімі біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат резервке іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады. 

Тіркеу онлайн платформада жүр­гізілмек. Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуде үміткерлер алдымен тестен өтіп, эссе жазады. Бұл қатысушылардың ой-өрісін, жазу қабілетін, ақпаратты сараптай алуы мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайды. Жобалардың әлеуметтік маңызы болуы шарт. Әр кезеңнің бағасы есепке алынып, үміткерге орташа ұпай қойылады. Озып шыққандармен эксперттік комиссия жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған қатысушылардың кандидатурасы Президенттің жастар кадрлық резервінің Ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болады. 

Президенттік жастар кадрлық резерві толық мәліметті PKRezerv.kz сайтынан біле аласыздар.

Ақпарат көзі: -

Кіру