Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жалағаш ауданындағы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында облыстық ақпараттық топ мүшелері аудан тұрғындарымен кездесті.
26.04.2018 09:48:34 | 268 рет қаралды

Кеше Жалағаш ауданындағы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында облыстық ақпараттық топ мүшелері аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Боранбаев, ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі С.Алдашбаев дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндап, жат ағымның қоғамға қауіптілігін көпшілікке түсіндірді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Жалағаш аудандық филиалында облыстық ішкі саясат басқармасының Діни ахуалға талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Алтынбеков жеке тұлғалармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Сонымен қатар, деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшелері аудан жастарымен, «Иманқұл» мешітінде жамағатпен де кездесті.

Кездесуден соң, аудан орталығындағы «Әділет» және «Ырыс» базарларына барып, тұрғындарға тақырыптық арнайы бүктемелер таратты.








Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру