Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Таң LTD» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған спорт кешенінің жұмысымен танысып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап көрді.
16.05.2019 12:07:51 | 163 рет қаралды

Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Таң LTD» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған спорт кешенінің жұмысымен танысып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап көрді.

Аймақ басшысы алдымен Таң ауылдық округіндегі «Таң LTD» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған спорт кешенінің жұмысымен танысты. 100 адамға арналған спорт кешенінде дзюдо және таэквандо үйірмелері жұмыс істейді. Мұнда 2 спортзал, киім ауыстыратын бөлме, санузел, тренер және медбике кабинеттері қарастырылған. Жаңа нысанда 11 адам жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, облыс әкімі тәулігіне 1000 дана консервіленген ет өнімдерін шығаратын "Таң ЛТД" ЖШС ет цехын аралап көрді. Кәсіпорында 14 адам жұмыспен қамтылған. Цех құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, 2019 жылдың 1 мамырында аяқталды. Цех ғимаратында ірі қара малды сою бөлмесі, мұздатқыш, ет кесу және бумалау бөлмесі бар. Сондай-ақ, мұнда ветеринар, технолог және 2 зертханашы жұмыс істейді.

Аймақ басшысы Жалағаш кентінде ағымдағы жылдың 1 мамырында жұмысын бастаған "Jibek" қонақ үй кешенінің жұмысымен танысты. Екі қабатты ғимаратта 4 кеңсе, 50 адамға арналған асхана, 3 люкс және 4 эконом санатындағы бөлмесі бар. Қонақ үйде 5 адам жұмыс істейді.

Өңір басшысының жұмыс сапары 2017 жылы ашылған "Өркен Әлем" ЖШС арнайы киім тігу цехында қорытындыланды. Аталмыш цех бронды кеудеше мен арнайы киімдер тігеді. Цехтың жылдық қуаты –7000 данаға дейін бронды кеудеше тігеді, нысанда 24 адам жұмыс істейді.





Ақпарат көзі: -

Кіру