Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМІ «БАТЫС ЕУРОПА-БАТЫС ҚЫТАЙ» АВТОДӘЛІЗІ БОЙЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҰЗАҚОВ БОЛАТТЫҢ «С» САНАТЫ ЖОЛ БОЙЫ КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ «БАТЫС ЕУРОПА-БАТЫС ҚЫТАЙ» АВТОДӘЛІЗІ БОЙЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҰЗАҚОВ БОЛАТТЫҢ «С» САНАТЫ ЖОЛ БОЙЫ КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ

2017 жылдың 16 желтоқсан күні аймақ басшысы Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды. Сапар барысында ең алдымен облыс әкімі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жеке кәсіпкер Ұзақов Болаттың «С» санаты жол бойы кешенімен танысты.
21.12.2017 10:32:39 | 417 рет қаралды

2017 жылдың 16 желтоқсан күні аймақ басшысы Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды. Сапар барысында ең алдымен облыс әкімі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жеке кәсіпкер Ұзақов Болаттың «С» санаты жол бойы кешенімен танысты.

Кешенді ашу салтанатында алғы сөз алған облыс әкімі жаңадан бой көтеріп жатырған кешен жұмысына, облыстағы, аудандағы атқарылып жатырған ауқымды істерге тоқталып, аудан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, кешен барысында Бұқарбай батыр ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нұрмағанбетов сөз сөйледі.

 Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 115,0 млн теңгеге және жеке қаражаты есебінен 135,0 млн теңгеге, барлығы 250,0 млн. теңгеге қаржыландырылған.

Жеке кәсіпкердің «С» санаты  Жол бойы кешеніне Бұқарбай батыр ауылдық округінен өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 1715-ші шақырымынан 3,0 га жер телімі табысталды. Кешен жобасында жолаушыларға арналған дәмхана, сауда павильоны, қонақ үй, 12 жеңіл автокөлікке, 2 автобусқа, 7 жүк автокөлігіне арналған автотұрақтар қарастырылып отыр.

Қазіргі таңда дәмхана, сауда павильоны және қонақ үй ғимараттарының құрылысы аяқталып, тұрғындар мен жолаушыларға қызмет көрсетілуде және 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жоба бойынша барлық нысандар іске қосылған уақытта 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Облыс әкімі сонымен қатар, Таң ауылдық округіндегі «Таң бөбегі» балабақшасының жұмысымен танысып, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен, атап айтқанда мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен, кәсіпкерлермен, жастарменмен кездесу өткізді.

Кездесуде облыс әкімі Қ.Көшербаев 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды облыс әкімінің Алғысымен марапаттады.  


.  












Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру