Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Наурыздың 14 жұлдызынан бастау алған Әз Наурыз мерекесі ауданымызда «Нұр себеле, әз-Наурыз» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған дүбірлі тойға ұласты.
25.03.2018 16:45:27 | 339 рет қаралды

Наурыздың 14 жұлдызынан бастау алған Әз Наурыз мерекесі ауданымызда «Нұр себеле, әз-Наурыз» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған дүбірлі тойға ұласты.

Орталық алаңда қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, киіз үйлер аясында ән мен күй әуелеп, ізгі тілек пен ақ бата қанаттана көтерілді. Аудан тұрғындарына арналып дастархан жайылды, Наурыз көже таратылды. Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы жаңа күннен жаңа үміт күткен, жақсылыққа жаны құмар жалағаштықтарға жаңатыныс ала келген Наурыз мерекесі мен аудан халқын құттықтап, жылымыздың ырысы артық, ырзығы мол болуына тілектестігін білдірді.

Театрландырылған көріністен бастау алған ұлық мереке, күміс көмей әншілердің, күйшілер мен мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасты. Мереке қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, білегі мықты палуандар мен таскөтерер толағайлар арасынан жүйріктері анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.





























Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру