Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар МИ-8 тікұшағы апатына 10 жыл.

МИ-8 тікұшағы апатына 10 жыл.

Бүгін төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар ескерткіші маңында 2008 жылы 28 ақпан күні МИ-8 тікұшағы апатының 10 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.
28.02.2018 23:50:10 | 257 рет қаралды

Бүгін төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар ескерткіші маңында 2008 жылы 28 ақпан күні МИ-8 тікұшағы апатының 10 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.  Жиылған қауым қаза тапқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағыштады.  Еске алу жиынының алғашқы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов алып, патриоттық тәрбиенің биік үлгісіндей болған азаматтарымыздың жарқын бейнелері жадымызда мәңгілік сақталып, есімдері әрдайым құрметпен аталатынын жеткізді.

Сондай-ақ, шарада Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев, құрбан болған азаматтардың туысқандары сөз алып, аудан әкімдігіне алғыстарын жеткізді. Шара соңында «Ұрпаққа үлгі есімдер» ескерткіш-белгісіне гүл шоқтары қойылып, ас берілді.

















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру