Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ІЛИЯС ҚАБЫЛОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ІЛИЯС ҚАБЫЛОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

17 қазан күні мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың 115 жылдығына орай Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру және Ілияс Қабыловтың мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
22.10.2018 12:48:19 | 168 рет қаралды


Конференцияға Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов модераторлық жасап, конференцияның кіріспе сөзін сөйледі.




- Сыр топырағынан нәр алып, мемлекетімізді гүлдендіруге үлес қосқан екі адам болса, соның бірі мемлекет және қоғам қайраткері,  ғалым, философ, аудармашы, публицист Ілияс Жүсіпұлы Қабылов болатын. Ол мәдениет, халық ағарту, идеология, әдебиет, тіл баспасөз салаларында айтарлықтай еңбек етіп, қазақ тілінің дамуын, орфографиясын, әдебиеттегі реализм мен түрлі ұлттық мазмұнынды ұштастыра жүргізілуіне мән берген қайраткер –дей келе, конференция жұмысын ашық деп жариялады.






Конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бағдат Кәрібозұлы қайраткердің әдебиет жайлы ойларына тоқталса, «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы оның философиялық тұжырымдарын айтып өтті.




Сондай-ақ конференцияда Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, фольклоршы-ғалым, жазушы-зерттеуші, бірнеше университеттердің «Құрметті профессоры» Тынышбек Дайрабай Майлыбайұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қызметкері, министрліктің «Дене тәрбиесінің жаршысы» ғылыми журналының бас редакторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, публицист-жазушы Достанов Құлтас Әбсадықұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ибраев Уалихан Серікұлы, «Ақпарат саласының үздігі», «Қазақстанның құрметті журналисі», «Қазақ журна­листикасының қайрат­кері», Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Бүркітбаев Бейбітбек Бүркітбайұлы баяндама жасап, артында мол мұрасы қалған қайраткердің өнегелі еңбек жолы мен саналы ғұмыры туралы толық мағлұматтар берді.







Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру