Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келді.
04.04.2018 20:16:03 | 312 рет қаралды

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келді.

Халық қалаулылары ең алдымен «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. 

Тұрғындардың түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың өтініш –тілектері бойынша қабылдау жүргізді.

Сонымен қатар, жаңадан салынып жатырған аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылысымен, «Өркен әлем» ЖШС тігін цехының жұмысымен, «Бағдаулет-57» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңы жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, халық қалаулылары Аққұм ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауы мен Үндеуі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар екендігі жөнінде айтып өтті.

 Аудан тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салса, өз кезегінде халық қалаулылары Жалағаш ауданындағы келелі, ауқымды істер одан әрі өз жалғасын табуына тілек-ниеттерін білдірді.























Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру