Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар КӨШЕ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ

КӨШЕ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Бұқарбай батыр, Еңбек, Есет батыр, Таң, Темірбек Жүргенов, Жаңадария ауылдарында көше кітапханасы ашылды. оҒАН ауыл ардагерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараға жиылғандар мұндай жоба елді мекендерде жүзеге асқаны үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ ауыл кітапханасының тұрақты оқырмандары заманауи кітапхана қорына түрлі жанрдағы кітаптарды тарту етті.
24.07.2019 16:53:00 | 57 рет қаралды

Көше кітапханасы кез келген тұрғынға өзіне ұнаған кітапты алып оқуға мүмкіндік тудырумен ерекшеленеді. Тек сөредегі туындыны қайта орнына әкеп қойса болғаны. Сонымен бірге әрбір оқырман кітап қорын толтыруға да болады.
Бұған дейін кент орталығында осындай кітапхана ашылған. Мұнда қазақ және орыс тіліндегі көрнекті әдебиет өкілдерінің шығармаларын кездестіресіз. 
– Кітапсүйер қауымға тосын сый жасап алты елді мекенде көше кітапханасы ашылды. Бұл бастама тұрғындар арасында кең қолдау табатынына сеніміміз мол. Бастысы, бұл жерде ешқандай құжат талап етілмейді, оқырман билеті де қажет емес. Оқырмандар ұнатқан кітабын алуына болады. Кітаптарды оқып болған соң, қайтадан әкеліп қоюы тиіс, – дейді аудандық кітапхананың әдістеме-бибиография бөлімінің меңгерушісі Раушан Қалиева.

Ақпарат көзі: -

Кіру