Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Әйелдер мәртебесін көтеру, гендерлік саясатты дамыту мақсатында ауданымызда 2006 жылдан бері қарай аудан әкімдігі жанынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.
12.03.2018 10:51:35 | 291 рет қаралды

Әйелдер мәртебесін көтеру, гендерлік саясатты дамыту мақсатында ауданымызда 2006 жылдан бері қарай аудан әкімдігі жанынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Мәдениет және өнерді дамыту орталығында бүгін комиссияның биылғы алғашқы отырысы өтті. Комиссия төрағасы Ж.Тажмаханов жаңа комиссия мүшелерімен таныстырып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова «Мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмысқа орналастыру және ортаға бейімдеу шаралары туралы» хабарлама жасаса, аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет күн тәртібіндегі екінші мәселе «100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы кәсіпкер әйелдерді қолдау шаралары туралы», ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев «Гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары туралы» хабарлама жасады.

Комиссия отырысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай комиссия мүшелеріне облыс әкімінің орынбасары, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Р.Рүстемовтің, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмахановтың Алғыстары табысталды.

Сондай-ақ, №5 Алғабас сайлау округінің депуаты А.Махатова сайлау округіндегі бірқатар аналарға сый-құрмет көрсетті













Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру