Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ «ЖАЛЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ «ЖАЛЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Биыл ауданымызда қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенді жастарды қолдау мақсатында тұңғыш рет Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы тағайындалды.
17.08.2018 10:51:17 | 355 рет қаралды

 

Еліміздің өсіп-өркендеуіне орасан үлес қосып жүрген аудан жастарын мерекемен құттықтаған аудан басшысы Қайратбек Әубәкірұлы:

 -Былтырғы жылы «Жастар – туған жерге!» атты аудандық жастар форумында аудан жастарының атынан жастар сыйлығын тағайындау жөнінде ұсыныс келіп түскен болатын. Биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жастарға арналған 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, қаржы көлемі екі есеге ұлғайды. Бұл игі шара келесі жылы да дәстүрлі жалғасын табатын болады. Біз жастарды қанаттандырып, жоғары жетістіктерге жетуіне ынталандыруымыз қажет, - деді.

 

Сондай-ақ, аудан басшысы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып, өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен 10 жасқа Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығын, арнайы Сертификат және қаржылай сыйлықтар табыстады.










Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру