Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы мен Бахтиярұлы Мұрат Жалағаш ауданына арнайы іс-сапармен келді.
30.03.2018 21:49:00 | 238 рет қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы мен Бахтиярұлы Мұрат Елбасының ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және 5 наурыз күні «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін насихаттау үшін Жалағаш ауданына арнайы іс-сапармен келді.

Ең алдымен орталық аурухананың хал-жағдайымен танысқан халық қалаулылары, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Жиынға аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы модераторлық жасап, Елбасы Жолдауы мен Үндеуі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар екендігіне тоқталып өтті.

Мәжіліске аудан активі, депутаттар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар, аудандық мекеме басшылары қатысты.

Жиын соңында өңір басшысы, жиынға қатысушылар ауданымызға арнайы келген депутаттарға алғысын айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірсе, өз кезегінде халық қалаулылары Жалағаш ауданындағы келелі, ауқымды істер одан әрі өз жалғасын табуына тілек-ниеттерін білдірді.












Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру