Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ТУРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ТУРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін орталық стадионда облыстық білім басқармасының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 2018-2019 жыл спорттық маусымындағы республикалық «Кока-кола Былғары доп» жүлдесі үшін футболдан облыстық іріктеу турының ашылу салтанаты өтті.
17.04.2019 19:49:36 | 145 рет қаралды


Іріктеу турына Арал, Қазалы, Сырдария және Жалағаш (2) аудандарынан 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдерден құралған барлығы 5 команда қатысуда.




Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды спортпен айналысуға ынталандыру, сол арқылы ұсақ құқықбұзушылықтың орын алмауына жергілікті билік тарапынан көмек көрсету, балғын футболшылардың ынтасын арттыру мақсатында, салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде футбол біріншілігі өткізілуде.

Жарысты аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.




-    Жалағаш ауданында жастардың футболға деген қызығушылығы жоғары деңгейде. Әуесқойлар арасындағы футболда, ауыл спортшыларының спартакиадасында ауданымыздың футбол құрамасы І орын иеленгенін біз мақтанышпен айта аламыз,-деді Жағыпар Айтбайұлы.

Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бағлан Танмамбетов сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.







Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру