Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАСТАР ЖЫЛЫ — ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН СЕНІМ

ЖАСТАР ЖЫЛЫ — ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН СЕНІМ

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің акт залында Жастарды қолдау жылына орай жастар саясаты іске асыру мәселесі бойынша аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ның жетекшілерімен кездесу өтті.
18.01.2019 19:40:53 | 264 рет қаралды


Кездесуге партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, «Жас Отан» ЖҚ-ның бөлімше басшысы Н.Серәлі және «Жас Отан» ЖҚ-ның жетекшілері қатысты.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева: Өздеріңізге белгілі  Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруымыз керек. Ең бастысы, жастардың наза­рын құндылықтарға аударуымыз керек, себебі, жастар бүгінгі таңда мате­риал­дық құндылықтарға көбі­рек мән беретін болды. Жастар­ды азаматтық, қоғамдық жұмыстарға тартуымыз керек. Қазір және алдағы уақытта бірінші кезекте қажет болатындарына басымдық беріп, сол бағытта нақты жұмыстар жүргізуіміз керек. Сондай-ақ бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеу аясындағы шараларды жүзеге асыру. Ең маңыздысы, жастардың өз құқы үшін күресе алатындай мүмкіндік қарастыру керек екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында Н.Серәлі  «Жас Отан» ЖҚ-ның 2018 жылы атқарылған жұмыстарына тоқталды.Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақтың тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Елбасы бізге сенім артып отыр, ал біз осы үдеден шығуымыз керек. Сондай-ақ жастар мәселесі толығымен шешімін табатындай, атаулы жыл атына заты сай деңгейде өту үшін жастар өздерінің тың идеяларын ортаға салды. Ұсыныс-пікірлерді тыңдай келе  партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева Жастар жылына айтылған жоспарларыңыз нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы керек екендігін айтты.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру