Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Секция жұмыстарынан кейін аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде форумның ІІ отырысы өткізілді.
29.03.2019 13:25:20 | 215 рет қаралды



Форумға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназарова, облыс қонақтары, Қызылорда қаласы, Қармақшы, Сырдария аудандарының жас педагогтары, ауданымыздың үздік түлектері, аудан жастары, БАҚ өкілдері қатысуда.





Форумның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов алып, 
- Өздеріңізге белгілі, бүгінгі білім саласында аса қарқынды жылдамдықпен өзгерістер орын алуда. Мұндай жағдайда білім беруді болашақтың даму тенденцияларына бағыттау, жаңа экономика талаптарына лайықтау міндеті - бәрінен басым түсетін, баршаға ортақ аса маңызды миссияға айналуда.Шындығына келгенде, біз балаларды қазіргі экономика үшін емес, келбеті енді ғана айқындалып келе жатқан мүлде жаңа, қатаң бәсекеге негізделген, жасампаз экономикалық ортадағы өмірге әзірлеуіміз керек. Сондықтан, уақыттан да оза жүруге жұмыс істеу қажет, - деді.






Сондай-ақ, форум аясында ауданымыздың рухани дамуына үлес қосып, жастардың бойына отансүйгіштік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағыт-бағдар беріп, әрқашан демеушілік жасаған ауданымыздың түлегі Гүлзат Көбек ауданның мерекелік медалімен және аудан әкімінің алғысымен, жастар форумының секция жұмысында ой бөлісіп, форумның жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосқан Сымбат Абдрахманова, ауданымыздың түлегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің І курс студенті Бекболат Жаннұр, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда елеулі еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Форум отырысында жас ұстаздар №123 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құралай Мамзадаева, №38 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Садық Жарқынай, №123 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ермұрат Каналхан, Аққұм ауылынан түлеп ұшқан бүгінгі таңда Тұран университетінің оқытушысы, кинотанушы, профессор Гүлзат Көбек, аудармашы, психолог, Рухани жаңғыру бағытындағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахманова, ауданымыздың түлегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің І курс студенті, Республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшесі Жаннұр Бекболат сөз сөйледі.

Сондай-ақ, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Байназарова Райкүл жастарды құттықтап, жас ұстаздар отбасын марапаттады. Және жас отбасыларға Елордамыз «Нұр-Сұлтан» қаласына жолдама ұсынылды.

Форум соңында аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған «Жалын» жастар кеңесінің төрағасы Жасұлан Серік облыс бойынша білім саласындағы Жастар жылының кезекті эстафетасын Арал ауданына тапсырды.

Айта кету керек, қазіргі таңда аудандағы жалпы жастар саны - 8865 болса, бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды. Оның ішінде білім саласындағы жастар саны-280.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жыл басынан ауылдық елді мекендерге жұмысқа және тұруға келген 207 жас маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

"Жасыл ел" жасағы бойынша биылғы жылы 114 студент және жұмыссыз жастар маусымдық жұмысқа тартылды.«Серпін-2050»жобасы бойынша 82 жас колледждер мен университеттерде білім алуда.

Ресейде білім алып жатқан жастардың 6-ы Жалағаштық түлектер.








Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру