Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТА МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРЫМЫЗҒА, ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАЛАҒАШТА МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРЫМЫЗҒА, ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жалағаш ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі ерекше аталып өтті. "Ана – өмір жыры, бақыт нұры" тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік шараға 80 жасқа толған мерейтой иелері, ардагерлер, батыр аналар, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер және түрлі салада қызмет ететін нәзік жандылар арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді. Мереке иелерін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
13.03.2019 10:17:53 | 198 рет қаралды

- Тәңірдің бізге ұсынған үлкен сыйы - Тәуелсіздік болса, басымызға қонған осы бақыттың баянды болуына әйел-аналардың қосар үлесі де қомақты дер едім. Отбасындағы ана, мектептегі ұстаз, еңбектегі әріптес қыз-келіншектер өздеріне тән нәзік сезімталдықпен, асқақ мейірімділікпен, таңғажайып төзімділікпен қоғамның ізгіленуіне, сол арқылы еліміздің іргесі бекіп, ілгерілеуіне қызмет етіп келеді, - дей келе, ел дамуы жолындағы қосқан өлшеусіз ерен еңбектеріне алғысын білдірді.

Мерекелік шараға арнайы қатыстырылып отырған 80 жасқа толған мерейлі мереке иелеріне, абзал аналарымызға, сондай-ақ көпбалалы аналарға, барлық қыз-келіншектерге арнайы аудан әкімінің құттықтауы, сый-сияпаты табысталды.

Сонымен қатар шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, білім беру саласының ардагері Ұлданай Тоқпанбетова сөз алып, барлық аналар, әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтады.

Аудан өнерпаздары ақжаулықты аналардың құрметіне мерекелік бағдарламасын ұсынды.

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру