Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТА 100 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙЛЕРІН ОРЫНДАДЫ

ЖАЛАҒАШТА 100 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙЛЕРІН ОРЫНДАДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жалағаш кентінде «Домбыра – думан» атты домбырашылар шеруі өтті.
31.05.2018 09:44:35 | 247 рет қаралды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жалағаш кентінде «Домбыра – думан» атты домбырашылар шеруі өтті. Домбырашылар шеруі әуез мектебі мұғалімдері, оқушылары, этно топ домбырашылары, «Мұрагер» домбырашылар ансамблінен құралған 100 күйшінің қатысуымен өткізілді. Өңірдің өзіндік келбеті мен ерекшелігін, мәдени, рухани байлығы мен тарихи ізгі қадамдарын жұртшылыққа насихаттау бағытындағы айтулы шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дамыту, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі бұл шараның маңызы зор екендігіне тоқталды. Шара барысында домбырашылар «Ерке сылқым», «Көрұғлы», «Күрішшілер биі», «Машботой», «Әлқисса», «Сал күрең», «Нар ағаш» туындыларын жекелей орындаса, Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін 100 домбырашы бір мезетте орындап, домбыраның күмбірлеген үні көрермендерді ерекше әсерге бөледі.











Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру