Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАҒЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАҒЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Жалағаш ауданының орталық алаңында жаңа жылдық шыршаның салтанатты жағылу рәсімі өтті.
26.12.2017 10:54:50 | 332 рет қаралды

Жалағаш ауданының орталық алаңында жаңа жылдық шыршаның салтанатты жағылу рәсімі өтті. Мерекелік іс-шара Аяз Аталар мен Қаршақыздардың шеруінен бастау алды. Санаулы күндерден кейін Қазақ Елі жаңа 2018 жылға қадам басады. Елордамыз Астанадан бастау алған Жаңа жылдық шырша жағу салтанаты еліміздің барлық өңірлерінде өзінің жарасымды жалғасын табуда. Салтанатты рәсімде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев құттықтау сөз алып, ауданның өткен жылдағы толағай табыстарымен бөлісіп, аудан халқын санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан орталығынан орын алған мерекелік әсем шыршаның шамын облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, №38 А.Бисенов атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Ж.Бекболат және жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатында найза лақтырудан 2 дүркін жеңімпаз, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы А.Қайратұлы жақты. Салтанатты шараға қатысқан көпшілік қауымға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем әуенге бөледі.






Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру