Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар Жалағаш ауданындағы медицина қызметкерлерінің күні

Жалағаш ауданындағы медицина қызметкерлерінің күні

2018 жылғы 18 маусымда – Жалағаш ауданында Медицина қызметкерлерінің күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті.
19.06.2018 00:46:54 | 244 рет қаралды

 

 Мақсаты - адам денсаулығының баянды болуына қалтқысыз қызмет етіп жүрген медицина саласы қызметкерлерінің кәсібінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау. 

 Салтанатты жиынды аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Сәрсенбаев ашып,  ауданымыздағы медицина саласының қызметкерлерін және сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан халқына жылдың 365 күнінде, тәуліктің 24 сағатында, күн-түн демей қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға мереке аясында толайым табыстар тіледі.

 Бірқатар медицина саласының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министлігінің «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің «Үздік дәрігер» марапатымен, «Құрмет грамотасы» марапатымен, аудан әкімінің «Алғыс хатымен»,  аудандық ардагерлер кеңесінің «Алғыс хаттарымен», «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.

 Жиын соңы Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының және аудандық аурухана қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Анықтама: Қазіргі таңда  35327 аудан халқына – аудандық  орталық  аурухана, 4 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді. Жыл сайын 180 121 халық аудандық емханаға қаралады, соның ішінде аурушаңдықпен 86 491,алдын ала тексерілу мақсатымен 93 630 науқас медициналық қызметке жүгінеді.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 90 жоғары білімді дәрігер, 475 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Дипломмен  ауылға бағдарламасы бойынша»  12 жас маман дәрігерлер жұмыспен қамтылды. 2018 жылы жоғарғы оқу орнын бітіретін 6 дәрігерді жұмыс орнымен қамту жоспарлануда.

Биыл аудан орталығынан типтік жобадағы жаңа аурухананың жобалық - сметалық құжаттары жасалып, құрылысы басталғалы отыр. Сонымен қатар, жекеменшік - мемлекеттік әріптестік негізінде Ақсу, Мырзабай ахун (маусым айында)  және Таң елді мекендерінде де дәрігерлік емхана құрылысы басталады.





















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру