Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 74 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 74 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Орталық алаңда 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Мың тағзым саған, майдангер» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
14.05.2019 18:26:55 | 153 рет қаралды

 Орталық алаңда 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Мың тағзым саған, майдангер» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ең алдымен аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бастаған басшылық құрам мен бір топ еңбек және тыл ардагерлері орталық алаңда орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған бабалар рухына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шара орталық алаңда «Мың тағзым саған, майдангер» атты мерекелік шараға ұласты. Жалағаштықтарды Ұлы Жеңіс мерекесінің 74 жылдығымен құттықтап, сөз сөйлеген аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев сұрапыл соғыс кезінде қазақ даласы қандай көмекпен қолдау көрсеткенін, қарыштап дамып келе жатқан ел әлеуетінің барша жетістіктері соғыс өртін өшірген аталарымыз бен аналарымыздың еңбегі арқасында екендігін атап өтті.

-  Ұлы Отан соғысына Жалағаш ауданынан 2316 азамат қатысып, 1621-і майдан даласында мерт болды. Елге аман-есен оралған 695 азамат - бейбіт уақытта да елдің дамуы үшін аянбай еңбек етті.

Бүгінгі күні адамзат тарихындағы аса ауыр да қасіретті соғысты бастан кешірген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік істері - біздің жадымызда мәңгілік сақталады. Әкелеріміздің жүріп өткен жауынгерлік жолы, ерлігі – кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге.

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының театрландырылған мерекелік қойылымына, концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кету керек, соғыстың алғашқы екі жылында Отан қорғау қорына ауданымыздан 10 мың 818 жылы киімдер, 5 вагон күріш, 6 тонна азық-түлік жіберді.  Жалағаштықтардың бұндай ерен еңбегі, ауыз-бірлігі үшін Жоғарғы Бас Қолбасшы Сталиннің Алғыс хатымен марапатталған.

Қазіргі таңда ауданымызда 218 тыл ардагері, оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 4 ардагер бар. 





Ақпарат көзі: -

Кіру