Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

2017 жылдың 9 желтоқсанында Жалағаш ауданында «Туған жерге тағзым» жалпы республикалық акциясы өтті. Акция барысында ауданға келген қонақтар музей экспозициясымен танысты. Сонымен бірге, акция аясында оқушылар үйінде жас суретшілермен, әуез мектебінде өнер өкілдерінің қатысуымен шеберлік кластары өтсе, мәдениет және өнерді дамыту орталығында жас жеткіншектермен спорт шеберлерінің кездесуі өтті. Сондай-ақ Мәдениет және өнерді дамыту орталығында Ә.Жүргенбаев атындағы айтыскерлер үйірмесінің тұсаукесері және «Жырлаймын сені туған жер» атты ақын-жазушылармен кездесу өтті.
11.12.2017 11:55:36 | 622 рет қаралды

2017 жылдың 9 желтоқсанында аудан орталығында «Туған жерге тағзым» жалпы республикалық акциясы өтті. Акция барысында ауданға келген қонақтар музей экспозициясымен танысты. Сонымен бірге, акция аясында оқушылар үйінде жас суретшілермен, әуез мектебінде өнер өкілдерінің қатысуымен шеберлік кластары өтсе, мәдениет және өнерді дамыту орталығында жас жеткіншектермен спорт шеберлерінің кездесуі өтті. Сондай-ақ Мәдениет және өнерді дамыту орталығында Ә.Жүргенбаев атындағы айтыскерлер үйірмесінің тұсаукесері және «Жырлаймын сені туған жер» атты ақын-жазушылармен кездесу өтті.

Дәл осы күні Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Сәрсенбаевтың қатысуымен «Туған жерге тағзым» атты жалағаштықтардың кездесуі, іске асырылатын жобалар бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Алғы сөз алған аудан әкімі өз сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында өткізіліп жатырған шараның маңыздылығына тоқталып, бүгінгі айтулы күні осы Жалағаш ауданынан шығып, күллі қазақ жұртына танылған, ғылымда, өнерде, мәдениет, әдебиет, спорт салаларында және саясат мінберлерінен бой көрсетіп, ел ертеңі үшін тер төгіп, бойындағы таланты мен күш-жігерін осы жолда сарқа жұмсап, халықтың абырой, қошеметіне бөленіп жүрген, бүгінде туған жеріне келіп, тағзым жасап отырған бірқатар ел азаматтарына аудан жұртшылығы атынан алғысын жеткізді.

Жалпы республикалық акция аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жүзім бағы», «Сыр әндері», «Жылдар,жылдар» т.б. бірнеше жыр жинақтарының авторы, 100-ге жуық әнге сөз жазған ақын, қазіргі таңда облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы Махмұтбай Әміреұлы, Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен институты «Минералды шикізаттарды физико-хмимялық әдіспен қайта өңдеу» зертханасының жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 160-тан астам ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы Нариман Жалғасұлы, «Республикалық радио» ЖШС-нің бас директоры Манатбек Мәди Манатбекұлы, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Ниязов Мұхтар Мәуленұлы сөз сөйлеп, туған жерлеріне тағзым етсе, экономика ғылымдарының докторы, Алматы Заң академиясының кафедра меңгерушісі Шәменов Атамұрат Мөрәліұлының, медиина ғылымдарының докторы, профессор, хирург, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың басқарма төрағасы, Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша есімі «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енгізілген Жалағаш ауданының тумасы Болатбек Бимендіұлы Баймахановтың, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Сәбит Иманғалиевтің, сазгер, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Елена Мәжитқызы Әбдіхалықованың бейнеролик арқылы құттықтау лебіздері тыңдалды. Шара соңында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру мақсатындағы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы және «Кристалл МС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Мақсұмов Нұрбол Әдиұлы жоба құны 100 млн теңгені құрайтын «Аудандық орталық мешіт және асхана құрылысы»  жобасы бойынша, «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Сүлейменов Темірбек Көлжанұлы жоба құны 100 млн теңгені құрайтын «Таң ауылының орталық алаңын абаттандыру және спорт кешенін қайта жаңғырту» жобасы бойынша, «ҚуатАмлонМұнай» біріккен кәсіпорынның өкілі Несіпбаев Ерсұлтан Несіпбайұлы жоба құны 5 млн теңге көлемінде «Жалағаш кентіне балалар ойын алаңын салу» жобасы бойынша, «Байтабын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мыханов Сапарбек Ақмырзаұлы жоба құны 5 млн теңгені құрайтын «Бұқарбай батыр ауылына арка орнату» жобасы бойынша, «Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы «Жалағаш ауданынына «Әйгерім, Сыр сұлуы» күріш тұқымын енгізу арқылы күріш тұқымын жаңарту» жобасы бойынша, «Ілияс Қабылов» қоғамдық қорының төрағасы Нұрмаханов Қанат Мұратбекұлы жоба құны 20 млн теңгені құрайтын «Жалағаш кентіне Ілияс Қабылов ескерткішін орнату және аллея құрылысы» жобасы бойынша, «Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Манатбек Мәди Манатбекұлы «Республика көлемінде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараттарды республикалық деңгейде жариялау және ауданның медиа кеңістігін кеңейту, аудан журналистерін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында тағылымдамадан өткізуге ықпал жасау» жобасы бойынша  меморандумдарға қол қойды.

Сонымен бірге, «Квант» ЖШС директоры Жаңабай Бекішов 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлетіндігін айтса, Қаракеткен ауылының тумасы Болат Қуандық туған ауылына спорттық жаттығу залын салатындығын,  қазіргі уақытта Ақтөбе облысында қызмет атқарып жүрген ел азаматы Сағымбай Қоңырбаев қаржылай қолдау көрсетіндігін айтты.  Аққұм ауылының тумасы киносыншы, өнертану PhD докторы, өнер саласының маманы Гүлзат Көбек Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай имидждік роликтер, шеберлік сыныптар өтетіндігін және ауданға 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететіндігін айта кетті.  

Акцияға қатысқан «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Мәди Манатбек Еңбек ауылдық округі имамының және спорт мектебі ашылған жағдайда спорт жаттықтырушысының айлығын өз қаражатынан төлеуге ықпал жасайтындығын айтса, техника ғылымдарының докторы, профессор Нариман Жалғасұлы  ауыл шаруашылығы, оның ішінде қауын-қарбыздан шығатын өнімдерді өңдеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етеіндігін айтып өтті. Ал  айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыраның» иегері Мұхтар Мәуленұлы Ниязов туған ауылында озат оқушыларға арнап ынталандыру ретінде шәкіртақы тағайындағанын және ауылға спорт жаттықтырушысының келуіне ықпал жасайтындығын, сонымен қатар сазгер, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Елена Мәжитқызы Әбдіхалықовамен бірлесе отырып Жалағаш ауданының гимнінің әні мен сөзін жазатындықтарын жеткізді. Ал, Қаракеткен ауылының тумасы жеке кәсіпкер Байділдаева Алма ауылына 300 мың теңге көлемінде қаржы бөлетіндігін айтты.

Облыстық ішкі істер департаментінің орынбасары Әмір Шаймағанбетов Аққыр ауылында спорттық алаң салатындығын және осы ауылдың тумалары, кәсіпкерлер ауылды көркейтуге, абаттандыруға өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

Сонымен бірге аудан кәсіпкерлері А.Қалыбаева, А.Махатова, Б.Сеитова «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 500 мың теңге көлемінде қаржы бөлді.



















Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру