Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аудан активіне жаңа орынбасарын таныстырды.
02.02.2018 11:06:28 | 500 рет қаралды

Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 1 ақпандағы өкімімен Ержанов Рүстем Дастанұлы Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Р. Ержанов 1981 жылы 28 қараша күні Қызылорда облысы,  Жалағаш кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі, заңгер, экономика бакалавры.

Еңбек жолын 2003 жылы Жалағаш ауданы әкімінің аппаратында жетекші маман болып бастаған.

2004-2010 жылдары Жалағаш ауданы әкімінің аппаратында төтенше жағдайлар жөнінде бас маман, бас инспектор;

2010-2011 жылдары Жалағаш кенті әкімінің орынбасары;

2011-2017 жылдары Жалағаш аудандық құрылыс бөлімінің басшысы;

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Жалағаш ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған.

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

 

Р. Ержанов  ауданның экономика, бюджет, қаржы, кәсіпкерлік саласы, салық және қазынашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелеріне жетекшілік жасайтын болады.






Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру