Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2018 жылдың 24 қаңтарында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жалағаш кентінде қорытындылады.
25.01.2018 11:01:39 | 384 рет қаралды

Елбасының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, кеше аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жалағаш кентінде қорытындылады.

 Есепті кездесуге облыс әкімі Қ.Көшербаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады.

2017 жылы ауданымызда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру, негізгі қорға тартылған инвестициямыз өсіп, қарқынды даму үстінде. Қай салада болмасын ілгерілеушілік бар. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктеріміз орасан зор. Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асып, тұрақты жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізуге міндеттеме толығымен орындалды. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, кент және ауылдық округтердегі жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда.

Сонымен қатар, алдағы жылы Жалағаш кентінде газдандыру жұмыстары басталып, күз айларында аудан тұрғындарына көгілдір отын пайдалануға беріледі деп күтілуде. Орталық аурухананың жаңа ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.

Тағы бір айта кететін жаңалық, Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша құрылысы, 150 орындық клуб және спорт кешенінің құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында да аудан орталығында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Жалағаш ауданында жарқын істер мен жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Кездесу соңында аудан тұрғындары аудандағы атқарылған және атқарылмақ жұмыстарға оң баға беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру