Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Осы аптада аудан әкімінің өкіміміен жаңа тағайындаулар жасалды
04.05.2018 19:52:54 | 304 рет қаралды


Кайнарбаев Ержан

Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 2 мамырдағы №201 өкімімен Қайнарбаев Ержан Еділбайұлы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы лауазымынан босатылып,  Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Е.Қайнарбаев 1986 жылы туған. Білімі жоғары, Тарих бакалавры.

Еңбек жолын 2007 жылы №123 Т.Жүргенов атындағы мектепте мұғалім болып бастаған.

2011-2013 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінде әдіскер, бас маман;

2013-2015 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2015 жылдан бастап Жалағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.

 

Ибраева Баян


Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 2 мамырдағы №202 өкімімен Ибраева Баян Тұрмағанбетқызы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Б.Ибраева 1961 жылы туған. Білімі жоғары, экономист.

Ибраева Баян Тұрмағанбетқызы әр жылдары түрлі салаларда маман, экономист, жоспарлау бөлімінің бастығы, басқарма бастығының кадр жөніндегі орынбасары, төраға, бөлім меңгерушісі,            бас маман, Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Мырзабай ахун ауылдық округ әкімі, Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметтерін атқарған.

 



Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру