Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Жалағаш ауданының орталық алаңында «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен кең көлемде «Денсаулық фестивалі – 2018» акциясы өтті.
10.09.2018 09:32:37 | 233 рет қаралды

Велошеруден бастау алған акция, орталық алаңда аудан тұрғындарының қатысуымен жаппай жаттығуға ұласты.


 




 Денсаулық фестивалін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева ашып, жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған фестивальдің маңыздылығына тоқталды.








Атап өтейік, 3-8 қыркүйек аралығында «Денсаулық фестивалі – 2018» акциясы аясында аудандық емханада ашық есік күндері, оқушылар, студенттер, тұрғындар арасында мәдени спорттық жарыстар өткізілді.  Жарыс жеңімпаздарын, сондай-ақ, акцияға белсене қатысқан бірқатар азаматтарды орталық алаңда Қаншагүл Шоңмұрынқызы марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

 

Акция аясында жаппай жаттығулар, еріктілердің қатысуымен флешмоб биі, спорттық көріністер ұйымдастырылып, «Денсаулық қалашығы» тұрғызылды. Аудан тұрғындары өздерінің қан қысымын, қандағы қант мөлшерін, бой, салмағын өлшеп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. 



 

 

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру