Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар "БЖЗҚ"АҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ МАҚАЛА.

"БЖЗҚ"АҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ МАҚАЛА.

Сұрақтар бойынша «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының операциялық бөлімінің бастығы Жамиева Аида Талгатдиновна ханымды әңгімеге тартқан едік.
20.12.2018 18:55:04 | 225 рет қаралды


1.  Өзіңнің жеке зейнетақы шотыңнан үзiндi көшірмені қалай алуға болады?

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасының 17-тармағына сай хабарландыруды БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы таңдаған төмендегі тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырады:

1) электрондық – міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе БЖЗҚ ішкі құжаттарына сәйкес нысаны анықталатын жеке келісімде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның электрондық мекенжайына (e-mail) хабарлама жіберу;

2) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның немесе зейнетақы төлемдерін алушының БЖЗҚ-ға келіп алуы;

3) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның немесе зейнетақы төлемдерін алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушыға берілген логин мен парольді пайдалана отырып, интернет арқылы алуы;

4) пошта байланысының қызметі арқылы алу.

 

2.                                               Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан төлемдер алуға болады?

 

«ҚазақстанРеспубликасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы  заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған адамдарды ңерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

 

3.  Декреттік демалыс кезеңінде ненің есебінен міндетті зейнетақы жарналары құралады?

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі -Заң) 26-бабына сәйкес еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне) сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады.

Ақпарат көзі: https://www.enpf.kz

Кіру