Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз релизі.
25.01.2018 12:22:41 | 294 рет қаралды

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және  тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Жалағаш ауданы                                                          23 қаңтар 2018 жыл

 

Баспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар, аудандық кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңын талаптарын түсіндіру және бөлшек сауда қызметі саласындағы өзекті мәселелерге арналған семинар өткізілді.

Семинарды өткізудің негізгі мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуын алдын алу, пікір алмасу, осы саладағы проблемаларды жан-жақты зерделеу және оларды шешуге ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

2017 жылы  департаментке тұтынушылардан жалпы - 187 арыз шағымдар түскен. Оның ішінде салалар  бойынша 102-ы бөлшек сауда қызметіне келеді немесе 54,5 пайызы. Өтініштердің мазмұны – сатып алынған тауардың сапасыздығына, тауарды айырбастау немесе қайтаруға, тауарды сатқанда чектің берілмеуіне, берілген тапсырыстың уақытында орындалмауына, келтірілген залалды өтетуге және тағы басқаларға қатысты.

Жалпы алғанда түскен өтініштердің көпшілігі, яғни 50 пайызға дейіні осы бөлшек сауда қызметіне тиісті. Айта кету керек, біздер бәріміз тұтынушылармыз, базарларға, ірі супермаркеттерге, кішігірім дүкендерге  барып сауда жасаймыз, заттар сатып аламыз. Сол кездерде сатушы мен тұтынушы арасында қарым қатынас орнайды. Бұл қарым қатынас қолданыстағы заңдарға сәйкес реттелуі керек. Атап айтқанда, Азаматтық кодекс, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы және де қолданыстағы басқа да заңдармен. Соған қарамастан сатушы мен тұтынушы арасында түсінбеушіліктер жиі туындайды.

       Сол себептен бөлшек сауда қызметі саласында жұмыс жасайтын нарық субъектілері аталған саланы реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс жасауға міндетті.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы реттейді.

         Аталған Заңның 7-бабымен тұтынушылардың жалпы құқықтары айқындалған. Осыған сәйкес, бөлшек сауда қызметін пайдаланатын тұтынушы төмендегі құқықтарды жүзеге асыруға құқылы:

-            тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сауаттандыруға;

-            тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;

-            қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;

-            тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;

-            тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;

-            сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;

-            моральдық зиянды өтетуге;

      Сонымен қатар, Заңмен сатушының міндеттері (дайындаушы, орындаушы) айқындалған, атап айтсақ:

-            тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы  қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге;

-            тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

-            тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын қамтамасыз етуге;

-            тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың ауыстырылып берілуін немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге;

-            Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда бақылау-кассалық машиналарының болуына;

-            тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге;

      Жоғарыда аталған Заң талаптарын бөлшек сауда саласында қызмет көрсететін нарық субъектілері тарапынан мүлтіксіз сақтау алдағы уақытта аталған салада тұтынушылардың құқықтарының  бұзылуын алдын алуға және оларға жоғары сапалы қызмет көрсетуіне септігін тигізеді деп пайымдаймыз.

 

                                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестікті және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда

облысы бойынша Департаменті

Байланыс телефондары (87242) 262261

Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру