Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АЙМАҚ БАСШЫСЫ М.ШӘМЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ АУЫЗ СУ НЫСАНЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ М.ШӘМЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ АУЫЗ СУ НЫСАНЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Кеше облыс әкімі М. Шаменов ауылдық округінде ауыз су нысанының ашылу салтанатына қатысты.
16.11.2018 10:42:51 | 146 рет қаралды


М.Шәменов  ауылдық округінде ашылғалы отырған ауыз су нысаны құрылысының сметалық құны 289 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмысының бас мердігері – Қылмыстық - атқару  жүйесі   (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік  кәсіпорны.

Ауыз су нысанының ашылуында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз алып, алдағы уақытта да ауданның құрылыс қарқыны одан әрі қарыштап, сәулетті де дәулетті жобалар ел игілігіне жүзеге асуына тілектестігін білдірді.

-    Халықты таза сапалы ауыз сумен қамту – бүгінгі таңдағы басты назарда тұрған міндеттердің бірі. Өйткені, су-тіршіліктің көзі, денсаулыққа үлкен ықпалы бар. Бүгін М.Шәменов ауылының тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, елдің тағы бір әлеуметтік мәселесі шешімін тауып жатыр. Елбасы Үкіметке және әкімдерге ауыз су мәселесіне байланысты нақты тапсырмалар берген. Соның аясында қазір республикада орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 95 пайызға жеткізген республиканың 17 аймағының ішінде ең алдыңғы қатарда келе жатқан облыс – Қызылорда облысы, - дей келе ауылдағы шешімін таппаған мәселелер біртіндеп шешімін табатынын жеткізді.

Сондай-ақ, шара барысында М.Шәменов ауылдық округі ардагері Алтынай Каюпова сөз сөйлеп, ел игілігіне бағытталған жарқын жобалардың жүзеге аса беруіне тілектестігін білдіріп, алғаусыз алғысын білдірді.

«Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Тәттібаев Бекболат ауыз су нысанындағы қондырғылармен таныстырды.

Айта кету керек, соңғы 5 жыл ішінде Жалағаш ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында кент және 9 елді мекенде ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қаракеткен, Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, Қаракеткен,М.Шәменов елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Мырзабай ахун елді мекенінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.







Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру