Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «АЙБЫН» ПРЕЗИДЕНТТІК ПОЛКІНІҢ» 0112 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ЖАЛАҒАШТЫҚТАРҒА АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗДІ

«АЙБЫН» ПРЕЗИДЕНТТІК ПОЛКІНІҢ» 0112 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ЖАЛАҒАШТЫҚТАРҒА АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗДІ

Жалағаш ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген Қайран Жақсылық Марғұланұлы Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін абыроймен өтеуде.
05.04.2018 01:17:37 | 336 рет қаралды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында дүниеге келген Қайран Жақсылық Марғұланұлы  ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін абыроймен өтеуде. Қызылорда қалалық Қорғаныс ісі жөніндегі басқарма арқылы әскер қатарына шақырылып,, бүгінде «Айбын» Президенттік полкінде жауынгерлік борышын өтеп жатқан Жақсылық өзіне жүктелген міндеттерді бар жауапкершілігмен сезіне отырып, жауынгерлік дайындық нормативтерде, атыс даярлығында, жауынгерлік кезекшілікте әрдайым қырағылық танытып, үздік нәтижелер көрсетуде. Әскери міндеттерін жауапкершілкпен атқарғаны үшін бірнеше рет марапат төрінен де көрінді.

Еріне қарап елін таныған «Айбын»Перзиденттік полкі» 0112 әскери бөлімі Жақсылықтың жетістікке жетуіне себепші болған аудан халқына және сарбаздың ата-анасына өз алғыстарын жеткізді. Онда «жауынгеріміз Қайран Жақсылық Марғұланұлының осы қатардан табылғаны – отбасында және мектебінде, оқу орны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз»-делінген.


 

Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру