Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ М.ШӘМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ М.ШӘМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жалағаш кентінде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды
27.11.2017 16:32:50 | 350 рет қаралды

Бүгін Жалағаш ауданында ауылшаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменов атындағы дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, туған жердің көркеюіне, ауылшаруашылығының өркендеуіне саналы ғұмырын сарп еткен, болмысы ерен тұлға туралы айта келе, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін турнирдің барлық қатысушыларына сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегін айтулы тұлға, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің баласы А.Шәменов, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Дзюдо күресінен мемлекеттік дәрежедегі жаттықтырушы Ж.Қоныспаев сөз алып, турнирге өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Айта кетейік, байрақты бәсекеге Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан келген 28 команданың 350 спортшысы 9 салмақ дәрежесінде татами үстінде тайталасқа түсуде. Екі күнге созылатын жарыс нәтижесі ертең қорытындылатын болады.











      2017-11-25





Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру