Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АУДАНЫМЫЗДА ЖАҢА БАСШЫ

АУДАНЫМЫЗДА ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аудан активінің отырысы өтіп, онда ауданымыздың жаңа басшысы болып тағайындалған Қайратбек Сәрсенбаев таныстырылды.
31.10.2017 18:56:57 | 364 рет қаралды


Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аудан активінің отырысы өтіп, онда ауданымыздың жаңа басшысы болып тағайындалған Қайратбек Сәрсенбаев таныстырылды.


Аймақ басшысы кіріспе сөзінде 2014 жылдан бері Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарған Талғат Дүйсебаевтың жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, Талғат Тұрсынұлының облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын хабарлап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Жалағаш ауданы әкімі қызметіне келген Қайратбек Әубәкірұлының өмір жолына тоқталып, жұмыс тәжірибесін тілге тиек етті. Бұған дейін Шиелі ауданының әкімі болған оның білікті маман екендігін айтып, Жалағаш ауданының өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдірді.

Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев қос азаматтың жаңа қызметтеріне халық атынан құттықтау сөзін арнады.

Жиын соңында жаңа қызмет иелері артылған сенім үдесінен шығуға күш салатындарын жеткізді.


30-10-2017

Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру