Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Аудандық прокуратурамен қадағалау аумағындағы халықтың тегін дәрі-дәрмек алуы қамтамасыз етілді

Аудандық прокуратурамен қадағалау аумағындағы халықтың тегін дәрі-дәрмек алуы қамтамасыз етілді

Аудандық прокуратурамен ауданның жекелеген тұрғындары тегін дәрі-дәрмекпен тиісті түрде қамтамасыз етілмегені анықталды.
04.11.2019 18:02:09 | 27 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

 Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық ауруханасының (бұдан әрі-Аурухана) мәліметіне сәйкес, аудан аумағындағы 21 учаскелік аймақ бойынша есепке алынған 8495 науқас тіркелген.

Алайда, талдау барысында емдеуші дәрігерлермен дәрілік зат алуға рецептілер жазылған 32 науқас дәрілермен мүлдем қамтамасыз етілмегені белгілі болды.

Мысалы, науқас Б-ға «Артериялық гипертензия» нозологиясы бойынша дәрі-дәрмектерді алуға 4 тегін рецепт жазылғанымен, ол бұндай дәрілік заттармен мүлдем қамтамасыз етілмеген.

Аудандық прокуратураның ұсынуы негізінде аталған 32 азаматтар дәрілік заттармен қамтамасыз етіліп, құқықтары қорғалса, аурухананың жауапты қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылыққа тартылуы қамтамасыз етілді.

Ақпарат көзі: -

Кіру