Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АУДАНДЫҚ «АЛТЫН ДӘН 2017» МЕРЕКЕСІ

АУДАНДЫҚ «АЛТЫН ДӘН 2017» МЕРЕКЕСІ

27.10.2017 12:04:34 | 332 рет қаралды

Үстіміздегі жылдың 26 қазан күні Жалағаш ауданы  Есет батыр ауылында  батыр қолбасшы, өз заманында қазақ халқын жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танымал болған  батырдың өмірінен сыр шертетін  «Ел қорғаны – Есет батыр» атты сахналық қойылым қойылды.

Осы  күні Есет батыр бабамыздың 350 жылдық мерейтойына қарсаң келіп отырған «Алтын дән 2017» мерекесі  аталып өтті. Табыс пен еңбек  мерекесінде  аудан әкімі  Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы құттықтады.

  Алтын дән мерекесін аудан дихандары мен еңбеккерлері  лайықты табыспен  қарсы алып отыр. Биылғы жылы аудан бойынша 35 448 гектар ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде 22 465 гектар күріш орналастырылды. Күріштің әрбір гектарынан 57- 60 центтен  өнім алынып,  жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Осындай жетістікке ауданның ауылшаруашылығы саласы мамандарының қосқан үлесі зор.

Күріш дақылдарынан басқа бау-бақша өнімдері мен мал азығын дайындады.  Аудан еңбеккерлерін жаз бойы тынымсыз атқарған жұмысының нәтижесінде  еңбек озаттарын «Озат егін шаруашылығы» , «Озат  шаруа қожалығы», «Озат бригадир», «Озат жатка машинисі», «Озат  комбайншы», «Озат күріш өсіруші», «Озат тасымалдаушы», «Озат жоңышқа өсіруші», «Озат бағбан», «Озат бақша өсіруші», аудан шаруашылықтарының егісін уақытылы сумен қамтамасыз ету қызметін сапалы атқарғаны үшін «Озат су маманы»,  ауыл шаруашылығы саласын ақпараттандырып, аудан экономикасы мен мәдениетінің дамуына ықпал жасағаны үшін «Озат газет тілшісі», ауыл еңбеккерлерінің биылғы  жылы тыныс тіршілігін, игі істерін телеарнада ұдайы жариялануын қамтамасыз еткені үшін «Озат телеарна тілшісі» номинацияларымен, сонымен қатар аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттары, бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Мереке аудандық Мәдениет үйінінің көркем  өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. 

Сонымен қатар, Есет батыр Көкіұлының 350 жылдығына арналған ұлттық  спорт (қол күресі, гір көтеру, қазақ күресі) түрлерінен жарыстар өтті.
























    26-10-2017

Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру