Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ АҚҚЫР, ЖАҢАТАЛАП, МАҚПАЛКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ АҚҚЫР, ЖАҢАТАЛАП, МАҚПАЛКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес 15 қаңтар күні Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдық округтерінде есеп беру жиыны өтті.
17.01.2019 18:23:57 | 154 рет қаралды


Есеп беру жиынына Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Ә. Қарлыханов бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Есеп беру жиынында Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев 2018 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

- Өткен жылы еліміздегі тұрақтылық пен аудан халқының бірлігі арқасында Өздеріңізбен бірлесе отырып, киелі Жалағаш жерінде толайым тірліктер атқарылды. 

Елде тыныштық пен бірлік болса, алдағы уақытта да аудан экономикасының қарқынды дамуына құтты қадамдар жасалып, Сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асыратын боламыз. Ең бастысы - елдің тыныштығы мен береке-бірлігі,-деді аудан басшысы өз сөзінде.

Есеп беру жиыны барысында аталмыш ауылдық округ әкімдері, ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторлары есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді.

Кездесуге қатысушылар жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ұсыныс-пкірілерін білдірді.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру