Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІ "АЛТЫН" ЖӘНЕ "КҮМІС" АЛҚА ИЕЛЕРІ АТАНҒАН АНАЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ "АЛТЫН" ЖӘНЕ "КҮМІС" АЛҚА ИЕЛЕРІ АТАНҒАН АНАЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №14 Жарлығы бойынша"Алтын" және "Күміс" алқа наградаларын табыстады. Оның ішінде 6-ы "Алтын алқа", 14-і "Күміс алқа" иегері
25.04.2019 19:45:22 | 97 рет қаралды

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №14 Жарлығы бойынша"Алтын" және "Күміс" алқа наградаларын табыстады. Оның ішінде 6-ы "Алтын алқа", 14-і "Күміс алқа" иегері. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 328 ана "Алтын алқа", 609 ана "Күміс алқа" иеленген. 67 ана І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталса, 64 Батыр аналарымыз бар, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ, жиын барысында кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев ізгі лебізін білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кету керек, қазіргі таңда ауданымызда 1068 көпбалалы аналар есепте тұрады.

Жалағаш ауданы бойынша 2019 жылдың сәуір айында 180 отбасының 1061 мүшесіне 14393,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және 2018 жылдың қалдығы бойынша 143 отбасының 677 мүшесіне 11126,7 мың теңге, барлығы 278 отбасының 1612 мүшесіне 25520,2 мың теңге тағайындалып, 21989,1 мың теңге төленді.






Ақпарат көзі: -

Кіру