Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында 2016 жылдан бері Жалағаш ауданы мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, кешенді жұмыстар қолға алынды.
04.06.2019 12:02:26 | 186 рет қаралды

Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында 2016 жылдан бері Жалағаш ауданы мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, кешенді жұмыстар қолға алынды.

1 маусым аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Coworking орталығында клуб мүшелерімен кездесіп, еркін пікір алмасты.

- Болашақтың еншісін арқалайтын жастар жаһандық сын қатерлерге төтеп беруде шар болаттай шыңдалған рух пен өнегелі ілімді бойына ұштастыра білуі қажет. Ал, сол сын қатерлердің басында - қоғамдағы сыбайлас жемқорлық та бар, - дей келе,

- «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары - рухани-адамгершілік тұрғыда оқушыларды өнегелі, жауапкершілігі жоғары, патриоттық рухы бекем болуға баулитын бастама, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Кездесуде ерекше белсенділігімен көзге түскен ерікті жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Айта кету керек, ауданымызда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері бүгінгі күні 238-ге жетіп отыр.

Ақпарат көзі: -

Кіру