Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы

«Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы

Үстіміздегі жылдың 8 маусымы күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған «Рухани жаңғыру – тарих тағылымы» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы болып өтті.
12.06.2018 19:32:46 | 303 рет қаралды

Облыс бойынша 7 команда қатысқан додада Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйі жанындағы «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы топ жарып, жүлделі І орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, Н.Қалыбаев жетекшілік жасайтын ұжым Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Елбасы Жолдауын насихаттауда аянбай еңбек етіп келе жатқан ұжымға шығармашылық табыс тілей отырып, әлі де биік белестерді бағындырып, аудан абыройын асқақтатады деп сенім білдіреміз.

 









 

 


Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру