Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ӘР ХАЛЫҚТЫ БАУЫРЛАСТЫРАТЫН - ӨНЕР

ӘР ХАЛЫҚТЫ БАУЫРЛАСТЫРАТЫН - ӨНЕР

Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде мерекелік жиын өтті.
02.03.2018 19:51:06 | 274 рет қаралды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай бүгін Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде мерекелік жиын өтті. Жиылған қауым алдымен Алғыс айту күнінің тарихын бейнеролик арқылы тамашалады. Мерекелік жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Аудандағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірліктің нығаюына өзіндік үлесін қосып жүрген түрлі сала қызметкерлерін аудан әкімінің Алғысымен марапаттады.

Кез келген халықтың мәдениеті мен өнері оның басты құндылығы болып саналады. Қай этнос болмасын өзінің өнерімен, мәдениетімен, салт–дәстүрімен ерекшеленеді. Өнерде шекара болмайды. Әр халықты бір–бірімен бауырластыратын да өнер екендігін айқын ұғынамыз. Осыған орай, облысымызда алғашқылардың бірі болып құрылған «Алтын-Арай» халық ән-би ансамбліне 49 жыл толуына орай «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылып, өнерпаздардың шеберлігі, қойылымдардың ерекше ой түйіні және олардың көркемдік мазмұны, хореографтар мен орындаушылардың қажырлы еңбегінің нәтижесін халық ыстық ықыласпен тыңдап, зор қошеметке бөледі.














Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру