Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Биылғы оқу жылында жалағаштық 840 бүлдіршін оқу табалдырығын аттады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артық.
03.09.2018 10:02:45 | 242 рет қаралды


Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы 1 қыркүйек – Білім күніне орай кент орталығындағы 30 жылдық тарихы бар №201 мектеп – лицейінде өткен «Сыңғырла, сылдырла қоңырау!» атты салтанатты жиынға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

- Білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында. Біз білімге басқа бірде бір саламен салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз. Биылғы жылдың өзінде мектептердің және оқушылар Үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 121 млн. 293 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Соңғы 5 жыл ішінде ауданымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында 8 жеке балабақша 510 орынмен ашылды. Ауданымыз Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде, сондай-ақ грант иелену көрсеткіші бойынша алдыңғы орындарда. Бұл - ең әуелі біздің мұғалімдеріміздің еңбегі, - деді аудан басшысы. 

 

Шарада Қайратбек Әубәкірұлы бірінші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыстап, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты.



 



Атап өтейік, №201 мектеп-лицей облыс әкімі бектікен 46 инновациялық мектептер қатарында. 2018-2019 оқу жылында 1 сыныпқа 120 оқушы 6 класс комплектісімен ашылып отыр. Өткен оқу жылында 792 оқушы білім алып, 37 түлек оқу бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 95 пайыз көрстекіш көрсетіп, 7 оқушы 100-ден жоғары балл жинады. 25 оқушы жоғары оқу орнына, 4 бітіруші арнаулы оқу орнына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті.



Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру