Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Құқық Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

2019 жылы сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстары туралы: *.docx


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ




05.12.2019 Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет.


Cыбайлас жемқорлықпен күресу халықтың бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.

Барлық мемлекет қызметшілерге және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауызымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.


Жалағаш аудандық

қазынашылық басқармасы

басшысының орынбасары

Д.Бахтияров




29.11.2019   Әдеп кодексі



Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы-сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады.

Тұтас бір қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым–қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәждеріне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет. Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі саналатын Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен бекітілген. Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандарты. Соған сай мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкіл енгізілген.

Бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне.


Ғазиз Арунов,

аудандық қазынашылық басқармасының

бас маман-бас қазынашысы






Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға ортақ міндет.


         Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратыны күмәнсіз. Сондықтанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» заңының басты мақсаты- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.

         Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында адами капиталдың сапасын жақсарту жөнінде айтылған. Адами капитал- ол адами құндылық, еңбек адалдығы, басқа да жақсы қасиеттердің жиынтығы. Ал рухани құндылығы басым адамның ешқашан жаман әрекеттерге бармайтыны айтпасада түсінікті.

          «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамына да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

         Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.


Бақтияров Дастан Қадырбайұлы

Жалағаш аудандық

қазынашылық басқармасы

басшысының орынбасары





Жалағаш ауданы бойынша 2019 жылдың 9 айында  сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстары туралы


         Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның  алдын алу бойынша іс-қимылдар Жалағаш ауданы әкімдігі  жанындағы комиссия отырыстарында тұрақты түрде  қаралып келеді.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың  сақталу мәселелері бойынша 2019 жылдың  есепті кезеңінде 8 рет өткізілді.

Жалағаш ауданы әкімдігіне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда, кент, ауылдық округтерде 2019 жылдың есепті кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 32 рет семинарлар, 27 рет дөңгелек үстелдер, 7 рет кездесулер, 28 рет отырыстар  барлығы 94  шара өткізілді.

2019 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу мақсатында кент, ауылдық округтерде тұрғындармен 15 рет кездесулер өткізілді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында тұрғындар арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кент, ауылдық округтерде өтетін іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар ағымдағы жылдың 14 тамызынан бастап 30 қыркүйек  аралығында жүргізілді.

Шараға аудан тұрғындары, мектеп оқушылары, студент жастар, жұмыссыз жастар және үкіметтік емес ұйым өкілдері, жергілікті ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері қатыстырылды.

«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың мақсаты – азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру болып табылады.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жұмыс жоспарына сәйкес биылғы жылдың I, ІІ, ІІІ-тоқсандарында жоспарлы комиссия отырыстары өткізілді. Комиссия отырыстарында жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі мен аудандық аурухананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Комиссия отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлық мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынған. 

Кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпе хаттар беріліп келеді.

2018 жылдың маусым айында үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, сол уақыттан бері өз жұмысын жүргізуде.

Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №200 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Жалағаш ауданының іс-шаралар жоспары бекітілді. Орындалуы ай сайын аудан әкімі аппаратымен бақылауға алынған.

Аудан әкімі аппаратымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлер тарапынан әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, кадрларды іріктеу жұмысында, мемлекеттік қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларына кездейсоқ адамдардың қабылдануына жол бермеу, ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға жол бермеу жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен кент, ауылдық округі әкімдеріне қатаң түрде талап қойылып тапсырмалар берілді.

Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видео ролик аудан әкімдігінің фейсбук парақшасына жарияланды. Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихатты брюшоралар орналастырылды.

         Үстіміздегі жылдың мамыр айында аудан әкімінің қатысуымен аудан орталығындағы жастар ресурстық орталығы ғимаратында орналасқан COWORKING орталығына аудан мектептерінде құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерімен кездесу өткізіліп, Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында еркін пікір алмасулар өткізілді.

Кездесу барысында ерекше белсенділігімен көзге түскен ерікті жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды. Бүгінгі күні ауданымызда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері 238-ге жетіп отыр.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылып жатқан шаралар бойынша үнемі ақпараттандырылып отырады.

Атқарылған жұмыстар туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газетіне 16 рет, аудан әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында өткізілген шаралардың  52 рет жарияланып, ақпараттандырылды.

Жалағаш кентіндегі көшелерде, кент ауылдық округінде және Халыққа қызмет көрсету орталығы Жалағаш бөлімінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орналастырылған. (кент ауылдық округтерде 12 билборд, 2 кернеу барлығы - 14)

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған.

Сонымен қатар, аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі күшейтіледі. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды болдырмау бағытында жан-жақты шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.





Жалағаш ауданы бойынша 2019 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы


Жалағаш ауданы әкімдігіне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда, аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда, кент, ауылдық округтерде 2019 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 9 рет семинарлар, 13 рет дөңгелек үстелдер, 15 рет кездесулер, 6 рет отырыстар барлығы 41 шара өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газеті мен аудан әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шаралар тұрақты жарияланып отыр.

Бүгінгі күнге аудан бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты өткізілген шаралар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына 12 рет жарияланды.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес биылғы жылдың I, II-тоқсандарында жоспарлы комиссия отырыстары өткізілді. Комиссия отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлық мекемелерге хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынған.  

Кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпе хаттар ай сайын беріліп, орындалуы бақылауда.

Аудан әкімдігіне қарасты барлық мекемелерде ай сайын “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер өткізілуде.

“Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Сонымен қатар, аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде тұрақты жарияланып келеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес қызметшілер бойында адалдық пен шыншылдық қасиетін арттыру мақсатында Жалағаш ауданында мемлекеттік мекемелердің арасында алғашқы болып аудандық білім бөлімінің ғимаратында “Адалдық дүкені” ашылды. «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру болып табылады.

Жалпы дүкеннің қызметі – қоғамдық сананы өзгерту, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған.

Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видео ролик аудан әкімдігінің фейсбук парақшасына жарияланды. Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихатты брюшоралар орналастырылды.

         Сондай-ақ, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері 2019 жылдың наурыз айында Жалағаш аудандық орталық ауруханада болып, медицина саласында тұрмыстық жемқорлық тәуекелдеі мен қызмет алушыларға көрсетілетін қызметтер мен оларға жасалған қолайлы орталарды анықтау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында аудан әкімінің қатысуымен аудан орталығындағы жастар ресурстық орталығы ғимаратында орналасқан COWORKING орталығына аудан мектептерінде құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерімен кездесу өткізіліп, Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында еркін пікір алмасулар өткізілді. Кездесу барысында ерекше белсенділігімен көзге түскен ерікті жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды. Бүгінгі күні ауданымызда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері 238-ге жетіп отыр.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде аудан бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты ақпараттандырылып отыр.

Биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың көрсеткішін нөлге жеткізу басты назарда және сол бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.





Жалағаш ауданы бойынша 2019 жылдың I тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы


 

Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №200 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Жалағаш ауданының іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс жоспары бекітілді. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 1 рет жоспарлы комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және Жалағаш аудандық ветеринария бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары тыңдалды. Өткізілген комиссия отырысында барлық мекемелерге хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы аудан әкімі аппаратымен қатаң бақылауға алынды.

Одан бөлек аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды ай сайын өткізіп отыру тапсырылды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газетіне, аудан әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында ұйымдастырылған шаралар туралы тұрақты жарияланып отыр.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Сонымен қатар, аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Аудан әкімі аппаратымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ІШКІ ТАЛДАУ жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 

Сондай-ақ, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен оның алдын алу мақсатында “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің Жалағаш ауданындағы жобалық топ құрылып, жұмысын бастады.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылып жатқан шаралар бойынша үнемі ақпараттандырылып отырады.

Сонымен қатар, биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың көрсеткішін нөлге жеткізу басты назарда және сол бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.


Жалағаш ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

01.04.2019 ж.







Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар және 2019 жылы атқарылатын жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы әкімдігі және тиісті құзырлы органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына сәйкес 2018 жылы біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда, кент, ауылдық округтерде2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 19 рет семинарлар, 23 рет дөңгелек үстелдер, 6 рет кездесулер, 10 рет отырыстар барлығы 58 шара өткізілді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газетіне 8 рет, аудан әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында 21 рет ұйымдастырылған шаралар туралы жарияланды.

2018 жылдың 18-19 сәуірі күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай Жалағаш кентінің орталық алаңында «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді.

Марафонға мемлекеттік қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты. Марафон аясында дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық шаралар, автошерулер және өзге де шаралар өткізілді. Сондай-ақ, кітапханаларда тақырыптық көрмелер, аудандық тарихи-өлкетану музейінде экспозициялар тұрғындар назарына ұсынылды.

Аудан елді мекендерінде 2018 жылдың 15 тамыз – 7 қыркүйек кезеңінде “Адал жол – Честный путь” атты марафон өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, елді мекендерде түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылды. Аудан әкімі аппаратымен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жинақталып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды.

«Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында 1-дөңгелек үстел, 1-акция, 2-кездесу өткізілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық бюджеттен 531 мың теңгеге конкурс жарияланып, «Туған жерім тірегім» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, аталған қоғамдық бірлестікпен жасалған келісім-шарт негізінде 2018 жылдың қазан, қараша айларында кент, ауылдық округтерде дөңгелек үстелдер, акциялар, қоғамдық қабылдаулар мен байқаулар өткізіліп байқау жеңімпаздары марапатталды.

Жалағаш кентіндегі көшелерде, кент ауылдық округінде және Халыққа қызмет көрсету орталығы Жалағаш бөлімінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орналастырылған. (кент ауылдық округтерде 12 билборд, 2 кернеу барлығы - 14)

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Сонымен қатар, аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясы отырысы бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 4 рет жоспарлы, 1 рет жоспардан тыс комиссия отырыстары өткізілді.Өткізілген комиссия отырыстарында барлық мекемелерге хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы аудан әкімі аппаратымен қатаң бақылауға алынған.

Комиссия отырыстарында әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Атап айтқанда:

1-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

2. Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы.

2-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстары туралы.

2. Жалағаш кенті әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы.

3-тоқсанда.

1. “Нұр отан” партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен  Жалағаш ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

2. Жалағаш ауданы бойынша білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

4-тоқсанда.

1. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акцмонерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінің Жалағаш аудандық бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

2. Мәдениет ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

(2019 жылға арналған жұмыс жоспары қоса жалғанды)

Сондай-ақ, 2018 жылғы 22 тамызда Сіздің төрағалығыңызбен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кезектен тыс кеңейтілген мәжіліс отырысы өткізілді. Мәжіліске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Жакудаев шақыртылып, хабарлама жасады және арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді.                                                                                  

Мәжіліс қорытындысымен Жалағаш ауданы аумағында орналасқан бюджеттің барлық түрінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларына, кент, ауылдық округі әкімдері мен барлық бөлім, мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

2018 жылдың маусым айында үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №200 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Жалағаш ауданының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жергілікті атқарушы органдарға орындау үшін жолданды.

Аудан әкімі аппаратымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ІШКІ ТАЛДАУ жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлер тарапынан әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, кадрларды іріктеу жұмысында, мемлекеттік қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларына кездейсоқ адамдардың қабылдануына жол бермеу, ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға жол бермеу жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен кент, ауылдық округі әкімдеріне қатаң түрде талап қойылып тапсырмалар берілді.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылып жатқан шаралар бойынша үнемі ақпараттандырылып отырады.

2018 жылы аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың 3 дерегі орын алып, тиісті қызметкерлерге сотпен жазалар тағайындалды. (анықтама қоса жалғанды)

 

2019 жылы атқарылатын жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес:

І-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

2. Жалағаш аудандық ветеринария бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы.

IІ-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы.

2. Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы.

IІI-тоқсанда.

1. Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы (келісім бойынша).

2. Жалағаш аудандық білім бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы (келісім бойынша).

IV-тоқсанда.

1.Жалағаш аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралықаралатын болады.

Ескертпе: бекітілген жоспарға жыл көлемінде маңыздылығына қарай қосымша басқада мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Одан бөлек, аппарат басшысының 2019 жылғы 22 қаңтардағы №1/3-11/261 және аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмахановтың 2019 жылғы 13 ақпандағы №1/3-11/578 хаттарымен кент, ауылдық округі әкімдеріне және аудандық бөлімдер басшыларына мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпе хаттар беріліп, бақылауға алынды.

Сонымен қатар, биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың көрсеткішін нөлге жеткізу басты назарда және сол бағытта жұмыстар жүргізілетін болады. 

 


Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы әкімдігі және тиісті құзырлы органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына сәйкес біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 17 семинарлар, 15 дөңгелек үстелдер, 6 кездесулер, 10 отырыстар барлығы 48 шара өткізілді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Жыл басынан бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газетіне 5 рет мақалалар жарияланды. 

Ал, Жалағаш ауданы әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында 19 рет атқарылып жатқан жұмыстар туралы жарияланды.

Сәуір айының 18-19 күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай Жалағаш кентінің орталық алаңында «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді.

Марафонға мемлекеттік қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты. Марафон аясында ауданымызда дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық шаралар, автошерулер және өзге де шаралар өткізілді. Сондай-ақ, кітапханаларда тақырыптық көрмелер, аудандық тарихи-өлкетану музейінде экспозициялар әзірленіп көрермен назарына ұсынылды. Түрлі форматта (кездесулер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер т.б.) іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан елді мекендерінде 2018 жылдың 15 тамыз – 7 қыркүйек кезеңінде “Адал жол – Честный путь” атты марафон өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, елді мекендерде түрлі деңгейдегі шаралар өткізілді.

Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында 1-дөңгелек үстел, 1-акция, 2-кездесу өткізілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық бюджеттен 531 мың теңгеге конкурс жарияланып, «Туған жерім тірегім» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Аталған қоғамдық бірлестікпен жасалған келісім-шарт негізінде аудан көлемінде дөңгелек үстелдер, акциялар, қоғамдық қабылдаулар мен «Үздік аула», «Таза ауыл» байқауын 2018 жылдың 15 қазанына дейін өткізу жоспарлануда. 

Жалағаш кентіндегі көшелерде, кент ауылдық округінде және Халыққа қызмет көрсету орталығы Жалағаш бөлімінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орналастырылған. (кент ауылдық округтерде 12 билборд, 2 кернеу барлығы - 14)

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Орнатылған жәшіктерге мекемеде арыз-шағымдармен жұмыс жасайтын жауапты қызметкерлер бекітіліп, күнделікті қадағаланып отырады. Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Азаматтардың өтініштері бойынша жолданатын жауап хаттардың, анықтамалардың және өзге де ақпаратты тарату материалдардың артқы беттеріне мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының талаптарының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны көрсетілген хабарламалар жазып жолданып отыр.

Аудан әкімі аппаратында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде. Қабылдау кестесі қолжетімді жерге ілініп, бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланған. Қабылдау барысында азаматтарға толық ақпарат және заңға сәйкес түсініктеме беріледі.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясы осырысы тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 3 рет жоспарлы, 1 рет жоспардан тыс комиссия отырыстары өткізілді. Өткізілген комиссияның отырысында тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы аудан әкімі аппаратымен қатаң бақылауға алынған.

2018 жылдың маусым айында үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №200 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Жалағаш ауданының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жергілікті атқарушы органдарға орындау үшін жолданды.

Комиссия отырыстарында әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Атап айтқанда:

1-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

2. Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы.

2-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстары туралы.

2. Жалағаш кенті әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы.

3-тоқсанда.

1. “Нұр отан” партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен  Жалағаш ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

2. Жалағаш ауданы бойынша білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 22 тамызында Сіздің төрағалығыңызбен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген мәжіліс отырысы өткізілді. Мәжіліске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Жакудаев шақыртылып, хабарлама жасады және арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді.                                                                                  

Мәжіліс қорытындысымен Жалағаш ауданы аумағында орналасқан бюджеттің барлық түрінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларына, кент, ауылдық округі әкімдері мен барлық бөлім, мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

«Жалағаш ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ТАЛДАУ жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлер тарапынан әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, кадрларды іріктеу жұмысында, мемлекеттік қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларына кездейсоқ адамдардың қабылдануына жол берілмеу, ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға жол берілмеу жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен кент, ауылдық округі әкімдеріне қатаң түрде талап қойылып тапсырмалар берілді.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылып жатқан шаралар бойынша үнемі ақпараттандырылып отырады.


Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы әкімдігі және тиісті құзырлы органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына сәйкес біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда 2018 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 15 семинарлар, 11 дөңгелек үстелдер, 5 кездесулер, 10 отырыстар барлығы 41 шара өткізілді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылыңын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Жыл басынан бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газетіне 17 мақала берілді. 

Ал, Жалағаш ауданы әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында 20 мақалалар жарияланды.

Сәуір айының 18-19 күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай орталық алаңда «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді.

Марафонға мемлекеттік қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты.

Марафон аясында ауданымызда дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық шаралар, автошерулер және өзге де шаралар өткізілді.

Аудан елді мекендерінде 2018 жылдың 15 тамыз – 7 қыркүйек кезеңінде “Адал жол – Честный путь” атты марафон өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындауға жолданды.

Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында 1-дөңгелек үстел, 1-акция, 2-кездесу өткізілді.

Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кітапханаларда тақырыптық көрмелер, аудандық тарихи-өлкетану музейінде экспозициялар әзірленіп көрермен назарына ұсынылды. Түрлі форматта (кездесулер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер т.б.) іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық бюджеттен 531 мың теңгеге конкурс жарияланып, «Туған жерім тірегім» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Аталған қоғамдық бірлестікпен жасалған келісім-шарт негізінде аудан көлемінде дөңгелек үстелдер, акциялар, қоғамдық қабылдаулар мен «Үздік аула», «Таза ауыл» байқауларын ұйымдастыру жоспарлануда. 

Жалағаш кентіндегі көшелерде, кент ауылдық округінде және Халыққа қызмет көрсету орталығы Жалағаш бөлімінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орналастырылған. (кент ауылдық округтерде 11 билборд, 2 кернеу барлығы - 13)

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Орнатылған жәшіктерге мекемеде арыз-шағымдармен жұмыс жасайтын жауапты қызметкерлер бекітіліп, күнделікті қадағаланып отырылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жолданатын жауап хаттардың, анықтамалардың және өзге де ақпаратты тарату материалдардың артқы беттеріне мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының талаптарының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны көрсетілген хабарламалар жазып жолданып отырады.

Аудан әкімі аппаратында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі қолжетімді жерге ілініп, бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланған.

Қабылдау барысында азаматтарға толық ақпарат және заңға сәйкес түсініктеме беріледі.

Жалағаш ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясы 2010 жылдың 7 желтоқсанында Жалағаш ауданы әкімдігінің №423 қаулысымен құрылып комиссияның отырысы тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Өткізілген комиссияның отырысында тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуына қатаң бақылау орнатылған.

Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ТАЛДАУ жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлер тарапынан әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, кадрларды іріктеу жұмысында, мемлекеттік қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларына кездейсоқ адамдардың қабылдануына жол берілмеу, ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға жол берілмеу жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен кент, ауылдық округі әкімдеріне қатаң түрде талап қойылып тапсырмалар берілді.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылып жатқан шаралар бойынша үнемі ақпараттандырылып отырады.




 Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.


         Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене кұресіп, түп – тамырымен жою қажет.Бұл  індет - адамзат баласына жат қасиет.

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Республикамыздыңұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады.

Жемқорлыққа қарсы күрес - бұл қоғамның бір тұтас жұмысы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмауға бүкіл қоғам атсалысу керек.

Қорыта айтқанда, әрбір мемлекеттік қызметшінің өзіне бекітілген қызметтік міндетін мүлтіксіз орындауы, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың негізі болады және сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерге қарсы тұрғанда ғана жеңе аламыз.



Арунов Ғазиз Ғанибекұлы

Жалағаш аудандық қазынашылық

басқармасының бас маман-бас қазынашысы


Кіру